Нигерия білім министрлігінің тұрақты хатшысы Адам Хусейнның айтуынша бүгінде елдің басты проблемасы ол балдардың мектеп табалдырығын аттамауы екен. Осыған байланысты бүгінде дін өкілдері арнайы балалары көп үйлерді аралап олардың ата-анасына білім алудың маңыздылығын айту жұмыстарын қолға алған, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Әлемде 20 млн бала мектепке бармайтыны белгілі. Өкініштісі соның 10,5 пайызы біздің елдің балдары құрап отыр. Бұл балдардың сабаққа бармауы олардың отбасылық жағдайына тікелей байланысты. Себебі, мал шаруашылығымен айналысқан ата-ана өз балаларын соған үйретіп білім алу маңыздылығына мән бермейді", - деді Адам Хусейн.
Атап кетсек, Нигерия халқының саны 200 млн асып жығылады. Елдегі балдардың мектепке бармауына Боко Харам секілді террористік ұйымдардың қанұйлы әрекеті де кедергі болатынын мамандар алға тартады.