Әлемде 333 миллион бала "асқан кедейлікте" өмір сүруде

479

ЮНИСЕФ пен дүниежүзілік банк үкімет пен мүдделі топтарды балалар үшін күресуге шақырды. 

Әлемде 333 миллион бала "асқан кедейлікте" өмір сүруде Фото: freepik

Дүниежүзінде 333 миллионнан астам бала немесе әрбір алтыншы баланың бірі кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бұл деректер ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банктің бірлескен зерттеуінде жарияланды, деп хабарлайды İnbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Онда 2013 жылдан 2022 жылға дейін күніне 2,15 доллардан аз ақшаға күн көріп отырған және "асқан кедейлікте" өмір сүріп жатқан балалар саны 13 пайызға, яғни 383 миллионнан 333 миллионға дейін азайғаны айтылған.

Баяндамаға сәйкес, Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы балалар ең көп зардар шегеді. Осылайша олардың 40 пайызы кедейліктің кебін киіп келеді.

Ал 2013 жылы аталмыш аймақта 54,8 пайызды құраған балалар кедейлігінің 2022 жылы 71,1 пайызға өскені атап өтілді.

ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк үкіметтер мен мүдделі тараптарды осы мәселені шешуге атсалысуға шақырады.            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу