Әлемде 50 млн-нан астам адам құлдықта отыр

815

​Бұл БҰҰ келтірген мәліметтер.

Әлемде 50 млн-нан астам адам құлдықта отыр

Оның 3 млн-ға жуығы бала екен. Ал жартысынан көбі мәжбүрлі түрде жұмыс істейді.

Сондай-ақ құлдық құрбандарының көбі коммерциялық мақсатта жыныстық қанауға ұшырайды.

Статитстикаға қарасақ, соңғы 5 жылда құлдықта жүргендердің саны 4 есе өскен. Мұндай жағдай көбінесе дамыған елдерде кездеседі. Құлдық қанауына ұшырайтындардың дені мигранттар. Мамандар құлдықтың бір түрі мәжбүрлі неке қию жиілеп кетті деп алаңдайды.

Бүгінде ондай адамдардың саны 22 млн-ға жеткен. Туған-туыстарының қысымымен тұрмыс құратын жасөспірім қыздардың дені 15 жасқа да толмаған.

БҰҰ аталмыш мәселелермен күресуге әлемдегі қарулы қақтығыстар, пандемия және кедейшілдіктің күрт өсуі кедергі деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу