БҰҰ соңғы жылда жүргізілген зерттеуге сәйкес, әлем елдерінде, әсіресе Африка құрлығында оқу құқынан айырылған 58 миллионға жуық бала бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Ұйым баяндамасына сүйенсек, Оңтүстік Африка құрлығында орналасқан бірқатар мемлекеттердегі балалардың 58 пайызы орта білім алуға мүмкіндігі жоқ немесе ата-ана шешімімен мектепке жіберілмейді екен.
Әлемде жас балалардың орта білім алуына негізінен кері әсер ететін фактордың бірі – өзге тілде оқыту мәселесі. Себебі, өзге тілді жетік білмейтін балалар көптеген мәліметтерді түсінбеудің салдарынан білімдері шектеліп қалып жатады.
Кувейт ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазіргі уақытта әлемде 781 миллион адамның орта білімі жоқ. Оның 126 миллионын жасөспірімдер құрайды.