Әлемде адам өлімінің саны артады деп күтілуде

Өмір мен өлім: сарапшылар алдағы жылдарға болжам жасады. 

Әлемде адам өлімінің саны артады деп күтілуде Фото: elorda.info

ДДҰ мәліметтері бойынша, 2019 жылы дүние жүзінде тіркелген адамдар қазасының 55%-ы 10 негізгі себепке қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл себептер аурулардың үш үлкен тобымен байланысты. Олар: жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт), тыныс алу органдарының аурулары (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары) және неонатальды патологиялық жағдайлар (жаңа туылған нәрестелердің асфиксиясы және туу жарақаты, сепсис және басқа да жұқпалы аурулар).

Өз кезегінде, сарапшылар жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын әлемдегі өлім себептері арасында бірінші орынға қойды - 32,8%, ал екінші және үшінші қатарда қатерлі ісік және тыныс алу органдарының аурулары: 17,8% және 7%, тиісінше.

Асқорыту жүйесі аурулары (4,5%) және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (4,4%) да өлімнің негізгі себептері ретінде көрсетілген.

2020 жылы БҰҰ мәліметі бойынша, қайтыс болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 63,2 млн адамға жеткен. 2021 жылы әлемде 69,2 млн адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,6%-ға көп, оның ішінде 37,5 млн-ы ерлер және 31,7 млн-ы әйелдер.

2020 және 2021 жылдары өлім санының мұндай жоғары өсуі көп жылдар ішінде алғаш рет байқалды, ал бұрын бұл көрсеткіш тіпті 2%-ға да жетпеген еді.

Онжылдықтарға бөлетін болсақ, жағдай былайша көрінеді: 2011-2020 жылдары қайтыс болғандар саны 567 млн адамды құрап, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда 6,5%-ға өсті; 2001-2010 жылдары - 532,3 млн адам, + 3,8%, 1991-2000 жылдары - 512,7 млн ​​адам, + 5,7%, 1981-1990 жылдары - 485,2 млн адам, + 2%, 1971-1980 жылдары - 47,5 млн адам, бұл керісінше, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда 0,9%-ға аз.

Алдағы онжылдықтарда әлемде өлім саны артады деп күтілуде.

2021-2030 жылдары 645,1 млн адамға, 2031-2040 жылдары 738,1 млн адамға, 2041-2050 жылдары 862,3 млн адамға, 2051-2060 жылдары 975,8 млн, 2061-2070 және 2071-2080 жылдары 1,1 млрд адам, 2081-2090 және 2091-2100 жылдары 1,2 млрд адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу