Әлемде алғаш рет түркі тілдері күні аталып өтеді

276

Тиісті ақпарат БҰҰ-ның ресми сайтында пайда болды.

Әлемде алғаш рет түркі тілдері күні аталып өтеді Фото: abai.kz

15 желтоқсанда алғаш рет Дүниежүзілік түркі тілдері күні аталып өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тиісті шешім қараша айында Самарқандта өткен ЮНЕСКО Бас конференциясында қабылданғаны белгілі болды. 

1983 жылғы 15 желтоқсанда дат ғалымы, лингвист Вильгельм Томсен Орхон жазбаларының әліпбиін оқыған. Бұл жазбалар – түркі халықтарының ең көне жазба ескерткіштерінің бірі. Олар Орхон аңғарында, қазіргі Моңғолия аумағында 1889 жылы табылған.

ЮНЕСКО-ның хабарлауынша, түркі тілдер тобына әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік, түрікмен, өзбек тілдері жатады. Бұл тілдер 12 миллион шаршы шақырым аумақта тұратын 200 миллионнан астам адамның ана тілі болып саналады.

Дүниежүзілік түркі тілдері күнін белгілеуде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан бастамашылық жасаған. Бұл ұсынысты 21 мемлекет қолдады.

ЮНЕСКО 15 желтоқсанды Дүниежүзілік түркі тілдері күні деп жариялау арқылы өркениеттер арасындағы диалогтың маңызын көрсетіп отыр. Бұл бастама түркі тілдерін сақтауға бағытталған ауқымды ғылыми зерттеулердің дамуына септігін тигізбек. Биылдан бастап атаулы күн аясында түрлі мәдени және академиялық іс-шаралар өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу