Әлемде әрбір алтыншы адам бедеуліктен зардап шегеді

456

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) жариялаған жаңа есебіне сәйкес, дүние жүзіндегі адамдардың көбі бедеуліктен зардап шегеді.

Әлемде әрбір алтыншы адам бедеуліктен зардап шегеді Фото: Ана мен бала сайты

ДДҰ-ның жаңа деректеріне сәйкес, әлемнің әртүрлі аймақтары арасында бедеуліктің таралуында айтарлықтай айырмашылық жоқ.. Табысы жоғары, орташа және төмен елдерде көрсеткіштер салыстырмалы, яғни бедеулік барлық елдер мен барлық аймақтар үшін денсаулық сақтаудың басты проблемасы болып отыр.

Проблеманың ауқымына қарамастан, бедеуліктің алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері, соның ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) сияқты көмекші репродуктивті технологиялар жоғары бағаға, оған қатысты әлеуметтік стигмаға байланысты жеткіліксіз қаржыландырылған және көп адам үшін қолжетімді емес.

Бүгінгі күні көптеген елдерде бедеулікті емдеуге көбінесе адамдар өздері қаражат жұмсайды.

Ауқатты елдердегі адамдармен салыстырғанда, кедей елдердегі адамдар өз табысының көп бөлігін бедеулікті емдеуге жаратады.

Мұндай қомақты шығын кез-келген адамның емделуіне мүмкіндік бермейді, медициналық көмекке жүгіну нәтижесінде оларды кедейлікке душар етеді.

Осыған орай, ДДҰ әлем елдеріндегі бедеуліктің салдарын жою шараларын қарастырып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу