Әлемде ауаға тараған көмірқышқыл газы ең жоғарғы деңгейге жетті

2897

CO2 мөлшері биыл 0,6%-ға көбейген.

Әлемде ауаға тараған көмірқышқыл газы ең жоғарғы деңгейге жетті

Халықаралық қоршаған орта және климатты зерттеу орталығының соңғы дерегі бойынша, Жер планетасында көмірқышқыл газының мөлшері бұрын-соңды тіркелмеген деңгейге дейін өскен. Егер бұл тенденция жалғасатын болса, онда Париж келісіміне қол қойған елдер өз міндеттемелерін орындай алмай қалуы әбден мүмкін. 

Ослодағы CICERO мәліметіне сәйкес, 2019 жылы улы газдың ауадағы үлесі 0,6%-ға артқан. Мамандар жыл сайын CO2 мөлшерінің артуы БҰҰ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін айтып, дабыл қағуда.

Газдың ауаға бөлінуін айтарлықтай қысқарту үшін зерттеушілер барлық елдерге экологиялық таза энергияның жалпыұлттық стандарттарын қабылдауды ұсынып отыр. Мұндай стандарт қазір АҚШ-тың бірнеше штатында бар. Мысалы, Калифорнияда осыған қатысты арнайы заң қабылданған. Жыл сайын бұл штатта жаңартылып отыратын энергия өндіріледі. Ал Огайода электр энергиясының 2,5% балаламалы қуат көзіндерінің үлесіне тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу