Әлемде азық-түлік бағасы 18%-ға өсті

616

Тыңайтқыштардың құны бір жылда 63 пайызға өсті. 

Әлемде азық-түлік бағасы 18%-ға өсті Фото: Inform.kz

2022 жылы әлемдегі азық-түлік тауарларының бағасы 2021 жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті. Бұған Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) баяндамасы дәлел бола алады, деп жазады inbusiness.kz.

"Азық-түлік бағалары да 2022 жылы айтарлықтай өзгерді, қаңтар мен мамыр аралығында бұл көрсеткіш 19 пайызға өсті, ал мамырдан желтоқсанға дейінгі кезеңде 15 пайызға төмендеді. Сонымен бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 2021 жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті, оның ішінде астық бағасы  21 пайызға көтерілген", - делінген хабарламада.

Бәрінен де тыңайтқыштар қымбаттады, оның бір жылдағы құны 63 пайызға өсті.

ДСҰ мәліметтері бойынша азық-түлік бағасының өсуі ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуін ынталандыруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу