Әлемде бал қымбаттайды

928

"Балдың бағасы шарықтап, тұрмысы төмен отбасылардың ас мәзірінен жоғалады",– деп жазады  Tehran Times . 

Әлемде бал қымбаттайды

Ирандағы табиғи апат әлемдегі бал мөлшерінің төмендеуіне әсер етеді, деп хабарлайды islam.kz Тehran Times-қа сілтемемен.

Иран әлемде бал өндірісі бойынша жетекші елдердің бірі және жыл сайын өндірісті арттырып келе жатыр. Алайда, таяуда Иран аумағында орын алған табиғи апаттан, яғни тасқын-селден 50 мың ара отбасы зардап шеккен болатын. Бұл өз кезегінде әлемдегі бал мөлшерін 600 тоннаға кемітеді. Осыған байланысты балдың бағасы шарықтап, тұрмысы төмен отбасылардың ас мәзірінен жоғалады. Бұл жайында аталмыш елдегі БҰҰ  жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілі Герольд Бедекер мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу