Әлемде биткоин мен мұнай бағасы арзандады

223

Сарапшылар жыл соңына қарай теңгенің 1 долларға шаққандағы құны 465 теңге болады деп болжап отыр. 

Әлемде биткоин мен мұнай бағасы арзандады Фото: IxBT.com

Қор нарығында мұнай баррелі 75 долларға дейін төмендесе, биткоин 18%-ға құнсызданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азияда қор индекстері мен технологиялық қорлар күрт төмендеді. Жапондық және корейлік индекстердің де құлдырау себебінен америкалық қор нарығында дағдарыс орнады. Алайда отандық қаржыгерлердің айтуынша, бұл құбылыстан елімізге келіп-кетері жоқ. 

Сарапшылардың айтуынша, қазір теңгенің одан әрі құлдырауына әкелетіндей себеп жоқ. Осы жаздың басынан бері теңге қатты әлсіреді. Экономистер оған Ұлттық қордағы теңге сатылымының төмендеуі себеп болған дейді. Десе де мамандардың болжамына сәйкес тамыз айынан бастап ұлттық валюта қайта күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу