Әлемде босқындар саны 120 миллионнан асты

199

Өткен жылдың соңында босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар саны 8%-ға өсті.

Әлемде босқындар саны 120 миллионнан асты Фото: Joe Raedle/Getty Images

Адам құқықтарының бұзылуына, қақтығыстар мен зорлық-зомбылыққа байланысты босқындар мен қоныс аударушылардың саны 2023 жылдың аяғында бүкіл әлем бойынша 117,3 млн-ға жетті, осы жылдың сәуір айының соңына қарай 120 млн-нан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының баяндамасында айтылған, деп жазады ТАСС.

Өткен жылдың соңында босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар саны 2022 жылдың аяғымен салыстырғанда 8%-ға немесе 8,8 миллион адамға өсті. БҰҰ мәліметтері бойынша, 43,4 миллион адам өз елдерінің аумағынан кетіп, 68,3 миллион адам ішкі қоныс аударушыларға жатады.

Мәжбүрлі қоныс аударудың ең ауқымдысы Судандағы қақтығыстармен байланысты болды, онда 6 миллионнан астам адам, Конгода (3,8 миллионнан астам), Газа секторында (1,7 миллион) үйлерін тастап кетті. БҰҰ мәліметтері бойынша, планетадағы босқындардың төрттен үш бөлігі Ауғанстан, Сирия, Венесуэла, Украина мен Суданнан келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу