Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2,12 миллионнан асты

1146

Жексенбі күні таңертең пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны 98 млн 728 мың 154 жағдайға жетті, деп хабарлайды американдық Джонс Хопкинс университеті.  

Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2,12 миллионнан асты

Әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2 млн 120 мың 414 адамға дейін өсті, 70 миллионға жуық адам сауығып кетті. 5 млн және одан көп COVID-19 инфекциясы бар елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді

Құрама Штаттар COVID-19 жұқтырғандар мен осы аурудан қайтыс болған адамдар саны бойынша көшбастап тұр Бұл елде жалпы саны 24 млн 991 мың 748 адам инфекция жұқтырғаны анықталған, 417 мың 399 өлім тіркелген, 15 миллионға жуық адам сауығып кеткен.

Үндістан екінші орында. Бұл елде пандемия басталғаннан бері расталған жағдайлардың саны 10 млн 654 мың 533 құрады, қайтыс болғандар саны - 153 мың 339, 10,3 млн-нан астам адам жазылып шыққан.

Бразилия инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында. Мұнда пандемия кезінде 8 млн 816 мың 254 жағдай тіркелді, оның 216 мың 445 адам қайтыс болды, 7,7 млн-нан астамы емделді.

Әлемдік маңызды оқиғалардың статистикасына мамандандырылған Worldometer порталының хабарлауынша, әлем халқының 1 миллионына шаққандағы өлім жексенбі күні таңертең 273,3 құрады. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға 1 мың 288 адам, Үндістанда - 111, Бразилияда - 1 мың 14 адам қайтыс болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу