Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 186,4 млн адамнан асты

840

Сырқаттанғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия алда тұр.

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 186,4 млн адамнан асты

11 шілдедегі жағдай бойынша әлемде COVID-19 коронавирусы инфекциясына шалдыққандар саны 186 млн 460 мың адамды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Американдық Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 4 млн 24 мың 998 адамға жетті.

Сырқаттанғандар саны 15 млн-нан асқан елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

Құрама Штаттарда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 33 млн 847 мың 784, қайтыс болғандар саны 607 мың 132-ні құрап, жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болып табылады.

Ал "дельта" штамы тараған Үндістан жұқтырған адамдар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 30 млн 837 мың 222-ге жетті, ал елде вирус жұқтыру салдарларынан қайтыс болғандардың жалпы саны 408 мың 40.

Бразилия сырқаттанғандар саны бойынша әлемде үшінші орында, онда пандемия кезінде 19 млн 69 мың 3 жағдай тіркеліп, 532 мың 893 адам қайтыс болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу