Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 58 миллионнан асты

657

Өткен тәулікте осы індетті 578 мыңнан астам адам жұқтырған. 

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 58 миллионнан асты

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері дүние жүзіндегі COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 58 млн 95 мың 885-ке жеткен. Тек өткен тәулікте ғана инфекция жұқтырғандар қатарына 578 мың 35 адам қосылған.

Қазір әлемде COVID-19 ауруы салдарынан қайтыс болғандар саны 1 379 839 адамға жеткен, 37 млн астам адам жазылды. 

COVID-19 ауруына шалдыққан тұрғындарының саны 5 миллионға жеткен немесе одан көп елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

"Індет жұқтырғандар мен қайтыс болған адамдар саны бойынша АҚШ алдыңғы орында. Бұл елде 12 млн 88 мың 409 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өткен тәулікте 177 552 адам ауырып, 255 830 адам қайтыс болды. 4,52 миллионнан астам адам жазылды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Үндістан тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, індет жұқтырғандар саны өткен тәулікте 45 209-ға көбейген. Жалпы елде 9 млн 95 мың 807 ауру тіркелген. Қайтыс болғандар саны 501-ге көбейіп, 133 227-ге жетті. Жазылғандар – 8,5 млн адам. Бразилия ауру жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында. Бұл елде пандемия кезінде 6 миллион 52 мың 786 жағдай тіркеліп, 168 989 науқас қайтыс болды. Ал 5,4 миллионнан астам адам жазылып шықты", – деген мәлімет таратты зерттеушілер.

Әлемдегі маңызды оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының дерегінше, коронавирус саларынан болған өлім-жітім әлемдегі 1 миллион тұрғынға шаққанда жексенбі күні таңертең 177,9 адамды құраған. Құрама Штаттарда 1 миллион тұрғынға шаққанда 789 адам қайтыс болса, Үндістанда – 96, ал Бразилияда – 793 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу