Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 175,6 миллионнан асты

973

Әлемде жексенбі күні таңертең COVID-19 коронавирус жұқтырғандар саны 175 млн 627 мың 498 болды, деп хабарлады Американдық Джонс Хопкинс университеті.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 175,6 миллионнан асты

Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 ауруына шалдыққандардың саны 3 млн 794 мың 275 адамға жетті.

АҚШ, Үндістан және Бразилия 15 миллионнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырған елдер қатарына кіреді.

Вирус жұқтырған және қайтыс болған адамдар саны бойынша Америка Құрама Штаттары көшбастап тұр. Бұл елде COVID-19 жұқтырған 33 млн 457 мың 410 адам анықталды, ал қайтыс болғандар саны 599 мың 672 дейін өсті.

Вирусты жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Үндістан, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 29 млн 439 мың 989-ға жетті, ал елде вирус жұқтыру салдарларынан қайтыс болғандардың жалпы саны 370 мың 384 болды.

Ал Бразилия вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында. онда пандемия кезінде 17 млн 374 мың 818 жағдай тіркелді, 486 мың 272 адам қайтыс болды.

Әлемдік маңызды оқиғалардың статистикасына мамандандырылған Worldometer порталының хабарлауынша, әлем тұрғындарының 1 миллионына шаққандағы өлім жексенбі күні таңертең 488,9 құрады. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 1 мың 848 адам, Үндістанда - 266, Бразилияда - 2 мың 273 адам қайтыс болды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу