Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 190 млн-ға жуықтады

1027

АҚШ, Үндістан және Бразилияда аурға шалдыққандар мен қайтыс болғандар саны өте көп.  

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 190 млн-ға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 189 млн 998 мың 957-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы бері COVID-19 вирусынан 4 млн 82 мың 349 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырғандар саны 15 млн-нан асқан елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия енді.

Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көшбасында АҚШ тұр: 34 миллион 69 мың 64 адам коронавирусқа шалдыққан, 608 мың 898 адам қайтыс болған.

Екінші орында Үндістан: 31 млн 106 мың 65 коронавирус жұқтырған, 413 мың 609 адам аурудан көз жұмған.

Үшінші орында Бразилия: 19 млн 342 мың 448 адам COVID-19 жұқтырған, 541 мың 266 адам қайтыс болған.

Worldometer мәліметінше, 18 шілдеде таңертең әлемдегі 1 млн тұрғынға өлім-жітім коэффициенті 525,9 болды. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға  шаққанда 1 876 адам, Үндістанда – 297, Бразилияда – 2 528 адам көз жұмған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу