Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 200 млн-нан асты

1044

Оның миллионы қаза тапты. 

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 200 млн-нан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Джонс Хопкинс университетінің дерегіне сілтеме жасап.
Науқастардың  жалпы саны – 200 014 602. Оның 4 252 873-і дерттен қайтыс болды. Осы күнге дейін әлемде індетке қарсы вакциналардың төрт миллиардтан астам дозасы жеткізілген.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус әлем елдері препараттарды кедей елдермен бөлісу үшін олардың қосымша дозаларына мораторий енгізуі керек деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ревакцинацияны кем дегенде қыркүйектің соңына дейін шектеу керек.

Алғаш рет COVID-19 дерті 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. 2020 жылғы 11 наурызда ДДСҰ індетті пандемия деп жариялады. Еске сала кетсек, бұған дейін ДДСҰ сарапшылары COVID-19 себебін анықтау үшін Уханьға сапарлай барған еді. Ұйым жариялаған құжатқа сәйкес, коронавирус Ухань зертханасынан тараған болуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу