Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 30%-ға өсті

534

Үндістанда омикронның тағы бір түрі, яғни BA.2.75 анықталды.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 30%-ға өсті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны күрт артқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада COVID-19 дертіне шалдыққандар саны шамамен 30 пайызға өскен. Гебрейесус омикрон штамдарының таралуы індеттің күшеюіне себеп болып отырғанын және штамдардың жаңа түрлері пайда болып жатқанын айтты.

"Еуропа мен АҚШ-та тіркелген науқастардың басым бөлігі BA.4 және BA.5 жұқтырған", – деді ол.

ДДСҰ басшысы Үндістанда омикронның тағы бір түрі, яғни BA.2.75 анықталғанын жариялады. Қазір оған бақылау жүргізілуде.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мелита Вуйнович 2022 жылы COVID-19 індеті өршиді деп мәлімдеген болатын. Бірақ ол нақты қай уақытта пандемия күшейетінін айтпады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу