Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 538 миллионнан асты - Хопкинс университеті

521

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша сенбі күні таңертең әлемде коронавирус инфекциясының тіркелген жағдайларының саны 538 миллион 457 мың 919-ға жетті.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 538 миллионнан асты - Хопкинс университеті

Әлемде вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 инфекциясының салдарынан 6 миллион 317 мың 471 адам қайтыс болды.

20 миллионнан астам инфекция  жұқтырған елдерге АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.

Әлемдегі басты оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметі бойынша, сенбі күні таңертең жер шарындағы 1 миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 813,3-ке жеткен. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 3 мың 101 адам, Үндістанда – 373, Бразилияда – 3 мың 104, Францияда – 2 мың 273, Германияда – 1 мың 664, Ұлыбританияда – 2 мың 618 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу