Әлемде энергия тұтыну көлемі 25%-ға өсті

Мұнайға сұраныс жыл сайын 107 млн баррельге дейін артуы мүмкін.

Әлемде энергия тұтыну көлемі 25%-ға өсті

Бұл туралы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумынада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің төрағасы Педро Мирас мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Форумға арнайы келген Дүниежүзілік мұнай кеңесінің төрағасы Педро Мирас әлем халқының саны 8 млрд-қа жақындап қалғанын, тиісінше, энергияға деген сұраныс тек өсетінін атап өтті.

"Шынында да Халықаралық энергетика агенттігінің соңғы мәліметтері бойынша, мұнайға сұраныс жыл сайын 107 млн баррельге дейін артуы мүмкін. ХЭФ болжамы бойынша, табиғи газ бойынша да дәл осындай үрдіс жалғасуда. Тұтастай алғанда, энергия нарығында тұтыну 25% дерлік өсуде. Сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың ең маңызды міндеті көміртегсіз әлемге көшуі болып табылады. Энергияның қауіпсіз ауысуын іске асыру ортақ міндет", – деді Дүниежүзілік мұнай кеңесінің төрағасы форум барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу