Әлемде індетке қарсы ең көп вакцина салып үлгерген мемлекеттердің төрттігі аталды

695

Тізімді Қытай мен Үндістан бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап.

Әлемде індетке қарсы ең көп вакцина салып үлгерген мемлекеттердің төрттігі аталды

Әлемде COVID-19 індетінің вакциналарының 4 миллиард 970 миллионнан астам дозасы егілді. Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылды (1 млрд 950 млн доза). Одан кейінгі орындарда Үндістан (580 миллион 770 мың), АҚШ (362 миллион 660 мың), Бразилия (176 миллион 620 мың доза) тұр. 

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты. Қауіпті вирустың салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болған. 

АҚШ Pfizer вакцинасын мақұлдады: Пентагон міндетті иммундау туралы жарлық дайындап жатыр. АҚШ президенті Джо Байден FDA-ның Pfizer-BioNTech вакцинасын мақұлдау туралы шешімін құптап, америкалықтарды мүмкіндігінше тезірек екпе алуға шақырды.

Мысырда Sinovac Қытай вакцинасының 15 миллион дозасы шығарылды. 

"Sinovac-Vaxera вакцинасының 15 млн дозасының жергілікті өндірісі аяқталды, олар қазірдің өзінде вакцинация орталықтарына жіберілді", — деп хабарлады Араб

Республикасының Денсаулық сақтау және халық министрі Хала Заид Каирде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Египет жыл соңына қарай ішкі нарықтың, сондай-ақ Африканың қажеттілігі үшін шамамен 80 млн доза көлемінде доза дайындау мақсатында ай сайын осы вакцинаның 15-тен 18,5 млн дозасына дейін өндірмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу