Әлемде ішімдікті тұтыну көлемі артуы мүмкін - сарапшылар

581

Дүние жүзі бойынша 14 елде алкогольге толық немесе ішінара тыйым бар. 

Әлемде ішімдікті тұтыну көлемі артуы мүмкін - сарапшылар Фото: РИА Новости

Statista мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы алкогольдік сусындардың әлемдік тұтыну көлемі 272,1 млрд литрді құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға төмен.

www.energyprom.kz жазуынша, 2012 жылдан 2019 жылға дейін алкогольді тұтыну жыл сайын 2% өсуді көрсеткен. Сарапшылар биыл әлем бойынша ішімдікті тұтыну көлемі 7,5%-ға, 292,6 млрд литрге дейін, 2024 жылы – 3,6%-ға (303 млрд литрге дейін), ал 2025 жылы – 3%-ға (312,1 млрд литрге дейін) өсуі мүмкін деп болжап отыр.

Worldpopulationreview.com деректеріне сәйкес, 14 елде алкогольге толық немесе ішінара тыйым салынған. Олардың қатарында Бангладеш, Бруней, Үндістан, Иран, Кувейт, Ливия, Мальдив аралдары, Мавритания, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан, БАӘ және Йемен елдері бар.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша 2018 жылы әлемде ішімдікті орташа тұтыну мөлшері жан басына (15 жастан жоғары) шаққанда 6,17 литр болған. Салыстырар болсақ, 2015 жылы бұл көрсеткіш 6,29 литр болса, 2010 жылы – 6,26 литр, 2005 жылы – 5,41 литр, 2000 жылы – 5,48 литр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу