Әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін

337

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.

Әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін Фото: canva.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде әлемде кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

- Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, - деп атап өтті ДДСҰ бас директоры.

11 шілдеде Женевада өткен баспасөз мәслихатында Гебрейесус барлық елдерді құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырып, Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарында індеттің соңғы жағдайларына назар аударды.

Ол сондай-ақ тәуекел топтарына, атап айтқанда, 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажеттігін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу