Әлемде кофе өндірісі баяулады

262

Жаһан жұрты сүйсініп ішетін кофе өндірісі қиындап барады.     

Әлемде кофе өндірісі баяулады Фото: zavida.com

Ғалымдардың есебіне сүйенсек, аптап ыстық пен ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан 2050 жылға қарай кофе өсіруге қолайлы аумақтар 50 пайызға дейін қысқарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

The Guardian басылымының жазуынша, климаттық қысым миллиардтаған доллар шығын әкелуі ықтимал. Кофе өндірісінің шамамен 75 пайызын қамтамасыз ететін Бразилия, Колумбия, Эфиопия, Индонезия және Вьетнам кейінгі жылдары аптап ыстықтан көз ашпай отыр.

Ал сынап бағанасы 30 градустан асса, өнімнің шығымы азаяды, сапасы да төмендейді. Бұдан соң мұндай сусынға сұраныс та көп болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу