Әлемде коланың балама түрін шығаратын ел пайда болды

Өнімнің атауы – Milaf Cola. 

Әлемде коланың балама түрін шығаратын ел пайда болды Фото: Дзен

Ерекше сусын алдағы уақытта халықаралық нарыққа шығады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл өнім Сауд Арабиясындағы тамақ өнеркәсібін қолдауға, жергілікті және экспорттық өнімдердің түрін кеңейтуге арналып отыр. Milaf Cola өнімінің құрамында қант болмайды. 
АЗЕРТАДЖ-дың хабарлауынша, Эр-Риядтағы құрма фестивалінде Milaf Cola-ның ресми тұсаукесері ұйымдастырылған. Сусынды Сауд Арабиясының жеке инвестициялық қорының (PIF) еншілес ұйымы Thurath Al Madina ұсынған. Компания Milaf Cola-ны көп ұзамай ішкі және халықаралық нарыққа шығарады.

Thurath Al Madina бас директоры Бандар әл-Кахтани болашақта құрманың әлемдік нарықтағы қажеттілігін ілгерілету үшін және Қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жұмыс істейтін жоспары бар екенін айтқан. 

Жалпы, елдің құрма өндірісі жылына 1,6 миллион тоннаны құрап отыр. Бұл ішкі қажеттіліктен асады. 

– Milaf Cola сергітетін сусын ғана емес, сонымен қатар Сауд Арабиясының ауыл шаруашылығы экономикасын дамытуға және құрманы пайдалы өнім ретінде насихаттауға ықпалын тигізеді, – делінген ресми мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу