Әлемде көлік сатылымдары 20%-ға төмендеді

902

Бірақ елімізде керісінше 3%-ға өсті. 

Әлемде көлік сатылымдары 20%-ға төмендеді

Бүкіл әлемде авто нарығы күрделі қиындықтарды бастан кешіруде. Осылайша, жаңа жеңіл автокөліктерді сату қарқыны күрт баяулады және 2021 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 17,7%-ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Салыстырар болсақ биылғы алты айдың  қорытындысы бойынша жылдық өсім 29,4%-ға жетті.

Сонымен қатар Қазақстан 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл көліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді 39%-ға көп сатты. Салыстыру үшін Ресейде сату көлемі небәрі 21,3%-ға, Қытайда – 20,1%-ға, Жапонияда – 7,9%-ға, Германияда – 2,5%-ға ғана өсті.

Оның үстіне Оңтүстік Кореяда сатылым 3,4%-ға, ал көрші Өзбекстанда бірден 35,7%-ға төмендеген. 

Айта кететіні, Өзбекстандағы сатылымға жаһандық проблемалардан басқа Асака автомобиль зауытында монтаждау және іске қосу жұмыстарына байланысты 15 шілдеден 21 тамызға дейін UzAuto Motors өндірісінің уақытша тоқтатылуы да әсер етті.

Қазақстанда биылғы жылдың сегіз айында жаңа жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді сату 73,4 мың бірлікті құрады. Яғни көрсеткіш 39%-ға өсті. Сатылымның мұндай жылдық өсімі өткен жылдардағы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі. Мәселен, 2020 жылы өсім – 21,9%, 2019 жылы – 19,6% болды.

Дегенмен әлемдік жағдай ел нарығына да әсер етті. Мысалы, қыркүйекте еліміздің дилерлері 10,5 мың жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық көліктерді сатқан, бұл бір жыл бұрынғыдан небәрі 3,3%-ға ғана артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу