Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкада сауда-саттық тоқтап қалуы өндірушілер үшін ауыр тиді. Батыс Еуропада өткен айда 275 мың көлік сатылған, бұл көрсеткіш былтырғыдан 80.1 %-ға төмен. Ресей нарығы 72.4 %-ға құлдырады. Үндістанда өткен айда бірде-бір көлік сатылмаған.
Біздің елде де антирекорд тіркелді. ҚАБА-ның хабарлауынша, дилерлер сәуірде 1 122 дана жеңіл авто сатқан. Оның 213-і ғана тіркеуге тұрып толық рәсімделді.
Коронавирустың соққысынан кейін Қытай ғана есін жия бастады. Аспан асты елінде өткен айда 2 млн машина иесін тапты. Қоғамдық көлікпен жүруден қорқатын қытайлықтар жаппай жеңіл көлік алып жатыр.
Олжас Оқас