2020 жылдың үшінші тоқсанында жеке компьютерлердің әлемдік жеткізілімі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6%-ға өсті. Яғни 71,4 млн техника сатылған. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан басылымы Gartner Inc. аналитикалық компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Компанияның мәліметінше, оң динамикаға пандемия әсер етіп отыр: үйден оқу және басқа да қажеттілік салдарынан жеке компьютерлерге деген сұраныс көбейген.
"Gartner жүргізген сараптама бойынша, осы тоқсанда сұраныс соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті", – дейді компания өкілі Микако Катагава.
Компьютерлер жеткізілімінің көлемі бойынша Lenova көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда – HP мен Dell алпауыттары.
Табиғат Нұрболат