Covid-19 дертінің таралуын тіркеп отырған Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, вирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан, дерттен қайтыс болғандардың саны 500 мыңнан асқан.
Ажал құшқандардың шамамен төрттен бірі немесе 125 мыңнан астамы - АҚШ тұрғындары. Бұл ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Бразилия тұр. Бұл елде 57 мың адам осы аурудан қаза тапқан.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Хубей провинциясындағы Ухань қаласында пневмония дертінің өршіп жатқаны туралы хабардар еткен еді. Кейін ұйым бұл инфекцияға Covid-19 деген атау берді. Үш ай өткен соң ғана, яғни 11 наурызда ДДСҰ індетті пандемия деп таныды.
Табиғат Нұрболат