Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мың адамға жақындады

1164

Еуропа одағы, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Вьетнам елдерінің экономикасы қатты зардап шекті.  

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мың адамға жақындады

Сәрсенбі күні әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мың адамға жақындады. АҚШ-та және басқа да елдерде адамдар оқшаулау және карантин жағдайына бейімделіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазіргі уақытта әлем бойынша 198 000 адам ауруға шалдыққан, 8 мыңға жуығы көз жұмды. Құрама Штаттар мен Еуропаның көптеген елдері осы аптада коронавирустың алдын алу шараларын қабылдады. Соның ішінде коменданттық сағат енгізіліп, қозғалысқа шектеу қойылды. Еуропа шекараларды жауып жатыр.

АҚШ-та коронавирустан ажал құшқандар саны сейсенбі күні 100 адамнан асты. Індетті жұқтыру фактілері барлық 50 штатта тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 деп атау берген жаңа коронавирус 150 елде, соның ішінде Қытайда таралды. ДДҰ бұл індетті жаһандық пандемия деп жариялады. Қазіргі уақытта тіркелген індеттің 50% астамы Қытайдан тысқары елдерде анықталған, деп хабарлайды Pharmaceutical Technology.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирусты 80894 адам жұқтырған. Инфекцияға шалдыққандар бойынша екінші орында Италия (31506) тұр. Үшінші орында - Иран, онда науқастар саны 16169 адамға жетті. Испанияда 11826 науқас тіркелді. Алтыншы орында – Оңтүстік Корея (8,413). Францияда 7730 жағдай анықталса, АҚШ-та - 6524. Швейцарияда 2742 адам және Ұлыбританияда 1960 адам вирусқа шалдыққан.

ЮНКТАД болжамды бағалауына сәйкес, коронавирус індетінің салдарынан экономикасы қатты зардап шеккен елдер арасында – Еуропа одағы, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Вьетнам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу