Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 247 млн-нан асты

522

Оның 5 миллионы қаза тапты.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 247 млн-нан асты

Әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының саны 247 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Worldometers.info дерегіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жұқтырғандардың жалпы саны 247 338 488-ге жетті. Әлем бойынша 5 013 668 науқас қаза тауып, 224 031182 адам дерттен жазылған.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ  (46,800,631), Үндістан (34 277 039), Бразилия (21 804 094) елдері көш бастап тұр. 

Қазақстанда пандемия басталғаннан бері инфекцияны жұқтырудың 939 217 фактісі тіркелді. 2020 жылдың 1 тамызынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық пневмониямен ауыру жағдайларын да тіркей бастады, бірақ олар КВИ статистикасына енгізілмеді. Атипиялық пневмонияның 79 624 жағдайы анықталды.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу