Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

657

Індет өршіп барады.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 59 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары мәлім етті.

Ресми дерек бойынша, науқастар саны 59 070 488-ге жеткен. Оның 1 394 694-і қайтыс болған.

23 қарашада 58,6 миллион, 19 қарашада 56 миллион, 8 қарашада 50 миллион науқас тіркелген еді. 

Ауруға шалдыққандар мен қаза тапқандар саны бойынша АҚШ алда келеді. Осы күнге дейін бұл елде 12,4 миллион адам вирус жұқтырып, оның 257 мыңы көз жұмған. 

Одан кейінгі орындарда Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей елдері. 

Табиғат Нұрболат

Фото: tvzvezda.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу