Осы күнге дейін Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны әлем бойынша 7 миллионнан асып, оның 402 мыңы қайтыс болды. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары хабарлады. Бұл Университет індет басталғалы әр елден вирус туралы ресми деректерді жинаумен айналысып келеді.
Нақтырақ айтқанда, жалпы 7 006 436 науқас тіркеліп, оның 402 120 қаза тапқан. 3 133 664 кісі ем-дом қабылдап жазылған.
Вирус жұқтыру фактісі ең көп тіркелген ел – АҚШ. Мұнда 1 940 468 адам ауруға шалдыққан, 110 мыңы көз жұмды.
Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 инфекциясының індетін пандемия деп жариялаған болатын. Ұйым өкілдері оның екінші толқыны басталса, салдары бұдан да жойқын болады деп отыр.
Табиғат Нұрболат