Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3,6 миллионнан асты

728

Қауіпті індетті жұқтыру бойынша АҚШ көш бастап тұр.    

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3,6 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 3 миллион 600 мыңнан асты, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгін сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, әлем елдерінде COVID-19 індетінен  көз жұмғандар саны 252 мың 396 адамды құраса, жазылғандар саны 1 млн 200 мыңға жуықтайды. Вирус жайлаған елдердің көшін әлі де АҚШ бастап тұр. Онда науқастар саны 1 миллионнан асып кеткен.

Екінші орында Испания тұр. Ал Италия үшінші орынға түсті. Онда инфекция жұқтырғандар 212 мыңға жуық адам ем қабылдауда. Ресей де осы тізімде. Көрші елде 145 мыңнан астам адам науқастар қатарында. Ондықты Иран түйіндейді. Ислам Республикасындағы науқастар саны 99 мыңға жуықтайды.

Ал ТМД елдері бойынша Ресейден кейін Беларусьтағы жағдай күрделі. Бұл елде 17 мыңнан астам адам ауру жұқтырған. Украинадағы ахуал да мәз емес. Онда 12 мыңнан астам адам ауруға шалдыққан. Ал ондықты Тәжікстан түйіндейді. Онда небары 230 адам ем қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу