"ДДҰ осы жазда Еуропа елдерінде COVID-19 өршиді деген болжам жасап отыр. Ұйымның мәліметінше, қазір Еуропалық аймақтың 53 елінде күн сайын 500 мыңға жуық коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр. Тәуліктік өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейде күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады", – делінген ВАК мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ДДҰ COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында уақтылы вакцина алуға және қоғамдық орындарда бетперде тағуға, ал аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырады.