Әлемде медициналық туризмнің табысы 4 пайыз артты

1149

 Жылына жүз мыңнан астам отандасымыз өзге елде ем алуға шығады екен. Басым бөлігі Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан Германия және Израль елдерінің медицинасына жүгінеді.

Әлемде медициналық туризмнің табысы 4 пайыз артты

Халықаралық сарапшылардың мәліметіне қарағанда 2017 жылы әлемдегі медициналық туризм нарығы 4 пайыздық өсім көрсетті. Таза табыс көлемі 15 миллиард АҚШ долларына жеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Ал шипажай туризмінен түскен пайда 40 миллиард долларды құрады. Мамандар алдағы төрт жылда бұл көрсеткіш тағы үш есеге артады деген болжам жасап отыр. Яғни дертіне шипа іздеп шекара асатындар саны көбейеді. Солардың ішінде қазақстандықтардың да үлесі бар. Жылына жүз мыңнан астам отандасымыз өзге елде ем алуға шығады екен. Басым бөлігі Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан Германия және Израль елдерінің медицинасына жүгінеді.

Халықаралық денсаулық сақтау саласын зерттеу орталығының мәліметтеріне қарағанда медициналық туризмі үздік елдердің көш басын Канада бастап тұр. Екінші орында Ұлыбритания, үштікті Израйль қорытындылапты. Сингапур мен Үндістан үздік бестікке кірген. Оның  810-ы – Қырғызстан, 134-і – Өзбекстан, 72 -сі –  Ресейден, тағы 41-і өзге де алыс-жақын шет елдерден келген. Яғни АҚШ, Канада, Түркия мен қытайлық жұптар бар. Өйткені бізде бұл салаға көрсетілетін медициналық қызмет ақысы басқа елдерден әлдеқайда арзан.

Салыстыру үшін алсақ, Қазақстанда репродуктолог дәрігердің қызметі 2-2,5 мың АҚШ доллары тұрады. Ал Еуропа елдеріндегі клиникаларда – 15-16 мың доллар. АҚШ, Канадада дәл осындай қызмет үшін 19-20 мың долларды санап беруге мәжбүр болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу