Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

137

Бұл жолы АҚШ пен Қытай арасындағы саудаға қатысты текетірес себеп.

Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады Фото: canva.com

Әлемдік мұнай нарығы бүгін тағы құлдырады, деп хабарлайды inusiness.kz сайты.

Соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы "қара алтын" 6%-ға арзандап, бір баррель үшін 58 доллар 94 центке дейін түскен.

Мұндай құлдырау соңғы рет 2021 жылы ақпанда болған. Америка Қытайға салықты үсті-үстіне салып, көлемін 104%-ке дейін жеткізді. Ал, шығыстағы көршіміз 84% қарымта тариф енгізді.

Осы ретте инвесторлар бұл сауда соғысын өршітіп, жанармайға деген сұранысты төмендетеді деп болжайды. Бұл экономикалық өсімді баяулатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу