Әлемде мұнайға деген сұраныс азайып, ұсыныс көбейеді

130

Бұл жайт Ұлттық банктің Қазақстан макро экономикасындағы дамудың базалық сценариін қайта қарауға мәжбүр еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемде мұнайға деген сұраныс азайып, ұсыныс көбейеді Фото: canva.com

"Мұнай нарығында жағдай нашарлады. Қытай тарапынан сұраныс азайып, ұсыныс өседі деп күтілуде. Осылайша, базалық сценарий үшін Brent маркалы мұнай бағасының болжамды бағасы барреліне 70 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Болжамды көкжиекте сыртқы инфляциялық қысым сақталады деп күтілуде. Бұл факторлар инфляция мен экономикалық өсу бойынша ортамерзімді болжамдарды қайта қарауға түрткі болды", – деп жазады Ұлттық банк сарапшылары.

Ұлттық банк болжамы бойынша алдағы екі жылда мұнай Brent маркалы бір баррель мұнайдың орташа бағасы 70 доллардан көп болмайды.

"2025-2026 жылдары мұнай бағасы барреліне 70 долларды құрайды. Қытай мен ЭЫДҰ елдерінен сұраныс әлсіз. Сондай-ақ 2025 жылы әлемдік экономиканың өсуі бұрын болжанған деңгейден төмен болады деп күтілуде. ОПЕК+ елдерінің 2025 жылдың басынан бастап мұнай өндіруге шектеуді жеңілдетуі және Солтүстік, Оңтүстік Америка елдерінде өндірісті ұлғайту мұнай нарығындағы ұсыныстың профицитіне ықпал етеді", – делінген қараша айындағы ақша-кредит саясаты туралы баяндамада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу