Әлемде: науқастар саны 146 миллионнан асты

641

Қырғызстанда осы күнге дейін коронавирус жұқтырудың 94 мың, Өзбекстанда 89 мың, Тәжікстанда 13 мың фактісі тіркелді. 

Әлемде: науқастар саны 146 миллионнан асты

Үш күннің ішінде әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 2 млн 421 мың 828-ге артты, деп хабарлайды inbusiness.kz  24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Әлемде ауруға шалдыққандардың саны 146 млн 830 мың 782-ге жетті.  Вирус жұқтыру фактісі ең көп тіркелген елдер: АҚШ (32 млн 77 мың 76), Үндістан (16 млн 960 мың 172), Бразилия (14 млн 340 мың 787), Франция (5 млн 559 мың 121), Ресей (4 млн 708 мың 640), Түркия (4 млн 629 мың 969), Британия (4 млн 420 мың 443), Италия (3 млн 962 мың 674), Испания (3 млн 468 мың 617), Германия (3 млн 306 мың 692), Аргентина (2 млн 860 мың 884), Колумбия (2 млн 774 мың 464) және Польша (2 млн 758 мың 856).

Жазылғандардың саны 84,6 млн-нан асты. Соңғы тәулік ішінде бұл көрсеткіш 1 млн 719 мың 377-ге өсті. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 3 млн 106 мың 384-ке жетті. Үш тәулік ішінде бұл көрсеткіш 36 мың 814-ке артқан. 

Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың 94 мың, Өзбекстанда 89 мың, Тәжікстанда 13 мың фактісі тіркелді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу