Әлемде смартфондар жеткізілімі 18,3%-ға төмендеді

2022 жылы сатылымдар айтарлықтай қысқарды.  

Әлемде смартфондар жеткізілімі 18,3%-ға төмендеді Фото: unsplash.com

Халықаралық деректер корпорациясының (IDC) алдын ала мәліметтері бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында әлемде смартфондардың жеткізілімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға немесе 300,3 млн данаға қысқарды.

Көрсеткіш рекордтық деңгейде төмендеген.

2022 жылдың соңында сатылымдар 11,3%-ға төмендеп, 1,21 млрд дананы құрады. Бұл тұтынушылық сұраныстың айтарлықтай төмендеуіне, жоғары инфляцияға және экономикалық белгісіздікке байланысты 2013 жылдан бергі ең төменгі жылдық нәтиже.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу