Әлемде тағы бір алып мұнай-химия кешені пайда болады

848

Әлемде тағы бір алып мұнай-химия кешені пайда болады

Qatar Petroleum компаниясы жетекші халықаралық компанияларды Рас-Лаффандағы ірі мұнай-химия кешенінің құрылысына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Кешенде жылдық қуаты 1,6 млн тонна этилен өндіруге қауқарлы этан крекингі қондырғысы орнатылады.

"Бұл Таяу Шығыстағы ең ірі қондырғы болады, ал әлем бойынша ең ірі қондырғылардың бірі болмақ ", - делінген Qatar Petroleum таратқан хабарламада.

Зауыт 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Жақын арада техникалық жобасын әзірлеу басталады.

Шикізат ретінде Катардың жұмыс жасап тұрған газ жобаларындағы этан қолданылады. Сондай-ақ "Северное" кен орны жылына 23 млн тонна қосымша этанмен қамтамассыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу