Әлемде үйсіз адамдардың саны 300 миллионнан асты – БҰҰ

371

Бұл ақпаратты БҰҰ жариялады.

Әлемде үйсіз адамдардың саны 300 миллионнан асты – БҰҰ Фото: un.org

Дүниежүзінде 300 млн-нан астам жан үйсіз жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БҰҰ дерегінше, 2 млрд 800 млн адам үй деп айтуға келмейтін бейресми паналарда тұрады.

Жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыс ушықтыра түскен. Найробиде өткен жиында ұйым өкілдері Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның суға қол жеткізе алмай, санитарлық қажеттіліктері өтелмей отырғанын да атап өтті.

Ұйым өкілі Россбах әлемнің көптеген бөлігінде әсіресе Африкада қалалық тұрғын үйлердің 62 пайызы бейресми екенін, ал Азия-Тынық мұхиты аймағында 500 миллионнан астам адам суға зәру екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу