Әлемде осы күнге дейін ектірілген вакциналар саны бес миллиардтан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың жартысына жуығы екі елге тиесілі – Қытай (1,96 миллиард) және Үндістан (0,59 миллиард). Дегенмен қос дозаны қанша адамның қабылдағаны белгісіз, өйткені бірқатар ел бұған қатысты ақпарат жарияламай отыр.
Бұған дейін АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарының (CDC) ғалымдары вакцинацияланған және вакцинацияланбаған арасында ауруханаға жатқызу жиілігін салыстырған еді. Олардың мәліметіне сүйенсек, шілде айының соңында Лос-Анджелесте вакцинацияланбаған науқастардың ауруханаға түсу қаупі вакцинацияланғандарға қарағанда 29 есе жоғары болып шыққан. Сондай-ақ вакцинацияланбаған адамдардың дертке шалдығу ықтималдылығы бес есе көп екенін жарияланды.
Табиғат Нұрболат