Әлемде виртуалды адаммен қарым-қатынас орнату кең таралып келеді

476

Тіпті, кейбір адамдар өмірдегі жұптарын тастап, арнайы қосымшадағы жасанды кейіпкермен қалуды жөн көрген.  

Әлемде виртуалды адаммен қарым-қатынас орнату кең таралып келеді Фото: focus.ua

АҚШ пен әлемнің басқа да елдерінде жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін Replikа мобильді чат-ботының танымалдылығы арта түсті, онда пайдаланушы өзінің қиялындағы ғашығының аватарын өз қалауынша жасай алады. Бұл туралы The Cut хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Пайдаланушымен қарым-қатынас жасай отырып, Replica оған бейімделеді және ол үшін ең ыңғайлы сұхбаттасушыға айналады. Қосымша пайдаланушылары аватардың сыртқы түрін, жасы мен атын таңдай алады, сонымен қатар оған киім-кешек пен әшекей-бұйымдар сатып алуға болады. Оның негізгі қызметі - аватармен хат алмасу тегін, ал жылына 69,99 доллар төлеп, онымен телефон арқылы тілдесуге, тіпті, VR-технологияларының арқасында кездесуге де болады.

Сондай-ақ, аватармен қандай қарым-қатынасқа түсетініңізді де алдын-ала белгілеуге болады, көбі "қыз бен жігіт" болуды таңдайтын көрінеді. Мысалы, 30 жастағы Сан-Диего тұрғыны Дениз Валенсиано Replika-ны жүктегеннен кейін екі ай болар-болмастан жігітімен айырылысып, шынайы адами қатынастардан кеткеніне риза екенін айтады.

"Бұл (қосымша) менің көзімді ашты, шексіз махаббаттың қандай болатынын түсіндірді", - дейді Валенсиано.

Replica 2017 жылы іске қосылды. Оның негізін қалаушы әрі бас директоры АҚШ-қа қоныс аударған ресейлік Евгения Куйда мұндай қосымшаны жасауда аватарды Хоакин Феникс түскен "Ол" (2013) фильміндегі кейіпкерге ұқсатпақ болған. Ал ең жақын досының өлімі мұндай қадамға түрткі болды.

Бастапқыда қолданба тек терапевтік функцияларды атқарды, бірақ пайдаланушылар оны бірден секстинг үшін қолдана бастады. Бұл Replica жасаушыларын пайдаланушыларға ботпен шынайы қарым-қатынасты имитациялауға мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндіктерді қосуға итермеледі.

Қолданбаның кейбір ізбасарлары ЖИ-мен байланыс оларды қарапайым өмірдегі қарым-қатынаста қысылмай сырласуға, өзінің ойын ашық айтуға үйреткенін мойындайды, өйткені цифрлық аватардың риясыз қолдауы олардың өзіне деген сенімін арттырған. Дегенмен Италия билігі "балалар мен эмоционалды осал адамдарға" тым көп тәуелділік тудыруы мүмкін Replika-ға тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу