Әлемде вирус жұқтырғандардың саны 13 миллионнан асты

461

Індеттің таралу қарқыны күн санап өсуде.

Әлемде вирус жұқтырғандардың саны 13 миллионнан асты Фото: rbk.ru

Жаңа коронавирус инфекциясынан қаза тапқандардың саны әлем бойынша 13 миллионнан асты. Джонс Хопкинс Университетінің дерегіне сүйенсек, осы күнге дейін вирустан 570 мың адам қаза тапқан. 7,1 миллион адам ем-дом қабылдап жазылған. АҚШ, Бразилия және Үндістан елдері індеттің таралуы бойынша көш бастап. Құрама Штаттарда дертке шалдыққандардың саны 3,3 миллионға, Бразилияда 1,8 миллионға, Үндістанда 800 мыңға жеткен. Осылардан кейінгі орында – Ресей. Бұл елде 700 мың адам вирус жұқтырып, оның 11 мыңы көз жұмған. 

Індеттің таралу қарқыны күн санап өсуде. Мысалы,  28 маусымда 10 миллион, 4 шілдеде 11 милллион, 9 шілдеде 12 миллион адамның ауруға шалдыққаны тіркелген еді. Осы айда науқастардың саны 3 миллионға көбейген. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу