Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус дертіне шалдыққандардың саны әлем бойынша 6,5 миллионнан асып кетті. Осы күнге дейін аурудан 386 мың адам қайтыс болған. Бұл туралы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары хабарлады. Университет індет басталғалы әр елден вирус туралы ресми деректерді жинаумен айналысып келеді.
Нақты мәліметке сүйенсек, 6 511 696 жұқтыру фактісі тіркелді. 386 071 науқас көз жұмған. 2,75 миллион адам аурудан айыққан. Ең көп науқас тіркелген ел – АҚШ. 1 851 520 кісі ауруға шалдығып, 107 мыңы қаза тапқан.
Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 инфекциясының індетін пандемия деп жариялаған болатын. Ұйым өкілдері оның екінші толқыны басталса, салдары бұдан да жойқын болады деп отыр.
Табиғат Нұрболат