Әлемде және Қазақстанда зейнетақы қорларының комиссиясы қандай?

2022 жылғы қазан айының басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының БЖЗҚ-дағы жинақталған зейнетақы қаражаты бір жыл ішінде 7,8%-ға артып, 14 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемде және Қазақстанда зейнетақы қорларының комиссиясы қандай? Фото: platezhy.com

Өсу жинақтардың барлық түрлері бойынша байқалады. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарының өсімі 7,4%, міндетті жарналар бойынша – 20,9%, еріктілер бойынша – 90,6%-ды құрады.

Жалпы, соңғы он жылда азаматтардың зейнетақы жинақтары 4,5 есе өсті. 2014 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстанның зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының бірыңғай операторы болып табылады. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға сәйкес БЖЗҚ өз қызметі үшін комиссия алуға құқылы. Бастапқыда БЖЗҚ бойынша комиссиялық сыйақы мөлшері инвестициялық кірістің 7,5%-нан және зейнетақы активтерінің айына 0,025%-нан аспауы тиіс деп белгіленген. 

Бұл жекеменшік зейнетақы қорларының комиссиясынан екі есе аз. Осы ретте БЖЗҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жыл сайын комиссиялық сыйақыны төмендету және қордың шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізеді.

2016-2017 жылдары активтер бойынша комиссия 0,0225%, 2018 және 2019 жылдары - 0,015%, 2020 жылы - 0,011%-ды құрады.

2021 жылдан бастап қордың комиссиялық сыйақысы активтерінің 0,01%-нан аспайтыны заңды түрде бекітілген. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алмайды. Ол тек зейнетақы активтерін басқарушылардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен (инвестициялық кірістің 2%-дан аспауы керек) және инвестициялық портфельді басқарушылар (инвестициялық кірістің 7,5%-дан аспауы) есебінен алынады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылға арналған сыйақы мөлшері БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс сомасының 1,8%-ы мөлшерінде белгіленді.

Зейнетақы жүйесі әртүрлі елдермен салыстырар болсақ, мәселен, Чехияда (трансформацияланған қорлар) комиссия қаражаттың орташа жылдық құнының 0,8%-ы және пайданың 10% құрайды;  Венгрияда (ерікті жеке зейнетақы қорлары) – жарналардың 6% және активтердің 0,8%;  Израильде – жарналардың 6% және активтердің 0,5%;  Литвада – өмірлік цикл қор активтерінің 0,65%-ы және активтерді сақтау қорлары активтерінің 0,2%-ы;  Словенияда – жарналардың 3% және активтердің 1%;  Ұлыбританияда (дефолт қорлары) – активтердің 0,75%;  Албанияда – жыл сайын зейнетақы қорының таза құнының 3%;  Арменияда - міндетті жоспарлардың таза актив құнының 1,5% және ерікті жоспарлардың актив құнының 5% және т.б.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу