Әлемде жеңіл көліктен бас тартатындар көбейеді

390

Оның орнына адамзат баласы тиімді, ыңғайлы, экологиялық таза көлікті таңдайды.

Әлемде жеңіл көліктен бас тартатындар көбейеді Фото: Ашық дереккөзден

2035 жылға қарай әлем жаппай жеңіл көліктен бас тартатын көрінеді. Мұндай болжамды "McKinsey" консалтингтік компаниясы жасады. Ғылыми зерттеуге қарағанда жеңіл көлік құралын таңдаушылардың қатары былтыр 45 пайыз болса, көрсеткіш 2035 жылы 29 пайызға азаяды. Ауадағы лас заттың басым бөлігі осы темір тұлпардан тарайды екен.

"Жеңіл көліктерден көшелерде жиі кептеліс туындайды. Сағаттап жолда тұрғаннан, барар жерге метромен жылдам жетуді таңдайтындар қатары көбейді.  Алдағы уақытта қоғамдық көліктерден бөлек, скутерлер мен электронды велосипедтер, минимобильдер бай адамдардың таңдаулы көлігіне айналуы әбден мүмкін," - деді "McKinsey" консалтингтік компаниясы.

Бүгінде әлемде 1 млрд 300 млн машина қолданыста. Соның көбі жеке меншік саналады. Ал, елімізде, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде 4 млн 660 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Соның  82 пайзы бензинмен жүреді. Электр қуатымен жүретіні - екі мыңдай ғана. Өткен жылмен салыстырғанда елдегі көлік саны, шамамен, 3 пайызға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу