Әлемде жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан қайтыс болды

640

Мәскеуде індетке қарсы күрескен медицина қызметкерлерінің ерлігіне арналған монумент ашылған.

Әлемде жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан қайтыс болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазан айындағы есебіне сәйкес, әлемде кем дегенде 115 мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың мамырына дейінгі аралықта 80-нен 180 мыңға дейін дәрігер CОVID-19 инфекциясынан қайтыс болуы мүмкін. Демек қазіргі уақытта орташа есеппен бұл көрсеткіш 115 500-нан асады", – делінген ұйым сайтында жарияланған мәліметте.

Ресейде медицина қызметкерлерінің коронавирустан болған өлімі туралы ашық ресми статистика жоқ. Соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған 258 дәрігердің қайтыс болғанын хабарлаған еді. Осы ретте, халықтың қайтыс болған ақ халаттылар туралы деректерді дербес енгізуіне мүмкіндік беретін бірқатар тәуелсіз интернет-жобалар бар. Соның бірі – "Есте қалар тізімде" бүгінде 1459 адамның аты-жөні жазылған. Биылғы 17 қыркүйекте Мәскеудегі Сеченов университетінің аумағындағы Өмір аллеясында індетке қарсы күрескен медицина қызметкерлерінің ерлігіне арналған монументтің ашылуы көз жұмған қаһармандарды еске алуға арналған символдық шаралардың бірі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу